Әдебиет • 18 Шілде, 2022

Елімізде «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының байқауы өтеді

824 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының байқауы өтеді

Байқау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Балалар жылы» аясында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ, «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ, сондай-ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Бүгінде балалардың ойлау, түсіну қабілетіне, талғамына, арман-қиялына әсер етіп, балаларды өзіне тартатын көркем шығармалар үлкен сұранысқа ие екені белгілі. Қазақ тілінде балалар әдебиеті бағыты бойынша жаңа есімдер жоқтың қасы. Сондықтан балаларға арнап қалам тербейтін жазушылардың ынтасын арттырып, өскелең ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу - өзекті мәселелердің бірі.

Осы орайда елімізде «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауы бастау алды.

Байқаудың мақсаты балалар әдебиетін дамытумен қатар қазақстандық балалар әдебиеті жазушыларына қолдау көрсету.

Байқауға Қазақ әдебиетіне үлес қосып жүрген және шығармаларымен танылып келе жатқан 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады.

Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта проза жанры бойынша 2 бағытта бақ сынайды:

  • Ертегілер (бастауыш және орта буын мектеп оқушыларына арналған);
  • Шағын әңгімелер (жасөспірімдерге арналған).

Байқауға қатысушы үміткерлер өздерінің шығармаларын және жеке мәліметтерін толтырып «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармалары байқауына» тақырыбымен saqa01@gmail.com, altyn.saqa01@mail.ru, balalarbaikaui@gmail.com электронды пошталарына 2022 жылғы 19 тамызға дейін жолдауы қажет. Шығармалар 2022 жылғы 31 тамызға дейін ­қазылар алқасының сараптамасынан өтеді. Байқау қорытындысы қыркүйекте жарияланады.

Айта кетсек, байқау қорытындысы ретінде 2 бағыт бойынша жинақталған барлық шығармалар іріктеліп, 2022 жылғы қараша айында жинақ болып басылып шығады.

 

Шығармаларға қойылатын талаптар:

  1. Бір қатысушы байқаудың екі бағыты бойынша қатыса алады.
  2. Мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді.
  3. Байқау жұмыстары MS Word форматында Times New Rоman қарпімен, 14 қаріп мөлшерінде 1,0 аралықта теріліп, 3-5 беттен аспауы керек.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке, сананың ашықтығы мен ұлттық бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ ана тілін жетік білуге, әдеби сөздік қорын байытуға бағытталған шығармалар болуы қажет.
  2. Жасөспірімдер мен өскелең ұрпаққа қызық, заманауи әрі өзекті тақырыптар бойынша фантастикалық және шытырман оқиғаларға толы білімге құштарлыққа, бәсекеге қабілеттілікке, прагматизм қағидаттарына сүйенген шығармалар, сонымен қатар, шығармаларда сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық, өмірлік мақсат, әділдік, еңбекқорлық секілді терең ойлы құндылықтар насихатталуы тиіс.
  3. Қоғамның дамуына жаңаша көзқарас қалыптастыратын, заманауи тұлғаның қабілеттері мен дағдыларын көрсететін, сондай-ақ жастардың қызығушылық тудыратын креатив идеялар және қазіргі шетелдік шығармалармен бәсекелесе алатын туындылар болуы тиіс.

 

Байқауға проза жанры бойынша төмендегі бағыттар бойынша жүлде тағайындалады:

  • «Ертегілер:

а) І орын – 300 мың теңге (біреу);

ә) ІІ орын – 200 мың теңге (біреу);

б) ІІІ орын – 100 мың теңге (біреу);

в) Ынталандыру сыйлығы – 50 мың теңге (бесеу).

  • «Шағын әңгімелер»:

а) І орын – 300 мың теңге (біреу);

ә) ІІ орын – 200 мың теңге (біреу);

б) ІІІ орын – 100 мың теңге (біреу);

в) Ынталандыру сыйлығы – 50 мың теңге (бесеу).